RU

KZ

EN

Жетістіктер

Байланыс

Каталог

+7 (7172)73-47-89

Плазманы жинауға арналған шығын материалдар жиынтығы

Медициналық бұйымның құрамы мен сипаттамасы: 625HS центрифугалық қоңырауы; 4% натрий цитраты ерітіндісі, көлемі 250 мл стерильді, бір рет қолдануға арналған; Физиологиялық ерітіндімен толтыруға бейімделген, плазманы жинауға арналған (бір камералы) контейнер, стерильді, бір рет қолдануға арналған. Плазманы жинауға арналған магистраль, стерильді, бір рет қолдануға арналған.

 

4% натрий цитраты ерітіндісінің құрамы 100 мл-ге:

Натрий цитраты дигидраты - 4г;

Инъекцияға арналған су - 100 мл-ге дейін.

 

Донорлық қанды, оның компоненттері мен препараттарды құюды жүзеге асыратын қан қызметі ұйымдарында және денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық мамандармен қолданылады.

Плазманы жинауға арналған шығын материалдарының жиынтығы плазманың берілген көлемін жинауға арналған.

 

Сақтау мерзімі өнім дайындалған күннен бастап 3 жыл.

Бұйым стерильді, апирогенді.

Көлемі 250 мл, 4% натрий цитраты ерітіндісін стерилизациялау бу тәсілімен жүргізіледі. Бір рет пайдалануға арналған.

Жиынтықтар қыздырғыш аспаптардан кемінде 1 м қашықтықта стеллаждарда, 5 °С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада жылытылатын қоймаларда, жарықтан және агрессивті орталардан қорғалған жерлерде сақталады.

Жабық көлік құралдарының барлық түрлерімен -50 ºС-ден 50 ºС-ге дейінгі температурада тасымалдау.

Төмен температуралар жағдайларында тасымалдағаннан кейін, тасымалдау ыдыстарындағы жиынтықтар қалыпты климаттық жағдайларда кемінде 24 сағат сақталуы керек.

© 2021. TOO «EIRA MED»