RU

KZ

EN

Жетістіктер

Байланыс

Каталог

+7 (7172)73-47-89

Қан және оның компоненттеріне арналған «CPDA-1» гемоконсервант ерітіндісі бар екі камералы полимерлік контейнер

Бұйымның құрамы мен сипаттамасы: CPDA-1 ерітіндісі бар ыдыс; Қан компоненттеріне арналған ыдыс; Қанның бірінші бөлігіне арналған ыдыс; Вакуумдық пробиркаға арналған адаптер; 16G донорлық ине; Ине протекторы; Полимерлік магистральдар; Магистральдарға арналған қысқыштар.

 

CPDA-1 гемоконсервант ерітіндісінің құрамы 100 мл-ге:

Декстроза моногидраты 3,19 г

Лимон қышқылы моногидраты 0,327 г

Бір  орын басқан 2-сулы

натрий фосфор қышқылы 0,251 г

Натрий цитрат дигидраты  2,63 г

Аденин  0,0275 г

Инъекцияға арналған су 100 мл-ге дейін

 

Контейнер тұйықталған стерильді полимерлі жүйе болып табылады, ПВХ үлбірден жасалған екі ыдыстан және ПВХ түтіктен жасалған өзара байланысқан магистральдардан тұрады.

Венепункция жүргізу үшін өлшемі 16G ине пайдаланылады, оның беткейі силиконмен өңделген (ауырпайтын венепункция үшін), ал ұшында үшқырлы өткір ұштығы бар. Иненің бастиегінде иненің кесігін анықтау мақсатында таңба (немесе қыры) бар. Персоналдарды инеден қорғау үшін (донациядан кейін) Контейнер құрылымында протектор қарастырылған.

Талдауға қан алу үшін вакуумдық пробиркалардың барлық түрлеріне сәйкес келетін адаптер бар.

Медициналық мамандармен донорлық қанды, оның компоненттерін және препараттарын құюды жүзеге асыратын қан қызметі және денсаулық сақтау мекемелерінде қолданылады.

Полимерлік контейнер донордан 450 мл қан алуға, қанды компоненттерге бөлуге, эритроциттік массаны, плазманы алуға, сондай-ақ оларды құюға, тасымалдауға және сақтауға арналған.

Сақтау мерзімі өнім шығарылған күннен бастап 3 жыл.

Бұйым стерильді (бумен стерилизациялау әдісі), апирогенді. Бір рет пайдалануға арналған.

Контейнерлер 5 °С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада, жылыту аспаптарынан кемінде 1 м қашықтықта сөрелерде, жарықтан және агрессивті ортадан қорғалған жерде жылытылатын қоймаларда сақталады.

Жабық көлік құралдарының барлық түрлерімен минус 50 °С-ден  50 °С-ге дейінгі температурада тасымалданады.

Теріс температура жағдайында тасымалданғаннан кейін контейнерлер тасымалдау ыдысында қалыпты климаттық жағдайда кемінде 24 сағат тұруы тиіс.

Тасымалдау кезінде ерітіндіні мұздатып қатыруға рұқсат етіледі.

© 2021. TOO «EIRA MED»