RU

KZ

EN

Жетістіктер

Байланыс

Каталог

+7 (7172)73-47-89

Қан және оның компоненттеріне арналған «CPD» гемоконсервант ерітіндісі, ресуспензиялайтын «SAGM» ерітіндісі және екі лейкоцитарлық сүзгісі бар бес камералы полимерлік контейнер

Бұйымның құрамы мен сипаттамасы: CPD ерітіндісі бар ыдыс; SAGM ерітіндісі бар ыдыс; Қан компоненттеріне арналған ыдыс; Плазма үшін лейкоциттік сүзгі; Эритроциттер үшін лейкоциттік сүзгі; Қанның бірінші бөлігіне арналған ыдыс; Вакуумдық пробиркаға арналған адаптер; 16G донорлық ине; Ине протекторы; Полимерлік магистральдар; Магистральдарға арналған қысқыштар.

 

CPD гемоконсервант ерітіндісінің құрамы 100 мл-ге:

Декстроза моногидраты                                                        2,55 г

Лимон қышқылы моногидраты                                           0,327 г

Бір орын басқан 2-сулы фосфор қышқылы натрий          2,63 г

Натрий цитрат дигидраты                                                     0,251 г

Инъекцияға арналған су                                                        100 мл-ге дейін

 

SAGM ерітіндісінің құрамы 100 мл-ге:

Аденин                                                                                       0,017 г

Декстроза моногидраты                                                         0,9 г

Маннитол                                                                                   0,525 г

Натрий хлориді                                                                         0,877 г

Инъекцияға арналған су                                                         100 мл-ге дейін

 

Контейнер ПВХ үлбірінен жасалған және ПВХ түтіктерінен жасалған магистральдармен өзара байланысқан бес ыдыстан тұратын стерильді жабық полимерлік жүйе болып табылады.

Венепункция жүргізу үшін беткейі силиконмен өңделген (ауыртпайтын венепункция үшін) өлшемі 16G ине қолданылады, ал ұшы үш қырлы өткір болады. Иненің басында ине қиығын анықтау мақсатында белгісі (немесе қыры) болады. Қызметкерді инеден (донациядан кейін) қорғау үшін Контейнер конструкциясында протектор қарастырылған.

Талдауға қан алу үшін вакуумдық пробиркалардың барлық түрлеріне қолайлы адаптер қарастырылған.

Ол қан қызметі ұйымдарында және денсаулық сақтау ұйымдарында донорлық қанды, оның компоненттері мен препараттарын медициналық мамандардың құюымен қолданылады.

Полимерлік контейнер лейкофильтрленген  эритроциттер мен плазма алуға, ресуспензиялайтын «SAGM» ерітіндісіндегі эритроциттік масса мен эритроконцентратты консервілеуге және ресуспензиялауға, сондай-ақ қан компоненттерін сақтауға, тасымалдауға және құюға арналған.

Сақтау мерзімі өнім шығарылған күннен бастап 3 жыл.

Бұйым стерильді (бумен стерилизациялау әдісі), апирогенді. Бір рет пайдалануға арналған.

Контейнерлер 5 °С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада, жылыту аспаптарынан кемінде 1 м қашықтықта сөрелерде, жарықтан және агрессивті ортадан қорғалған жерде жылытылатын қоймаларда сақталады.

Жабық көлік құралдарының барлық түрлерімен минус 50 °С-ден  50 °С-ге дейінгі температурада тасымалданады.

Теріс температура жағдайында тасымалданғаннан кейін Контейнерлер тасымалдау ыдысында қалыпты климаттық жағдайда кемінде 24 сағат тұруы тиіс.

Тасымалдау кезінде ерітіндіні мұздатып қатыруға рұқсат етіледі.

© 2021. TOO «EIRA MED»