RU

KZ

EN

Жетістіктер

Байланыс

Каталог

+7 (7172)73-47-89

Қан және оның компоненттеріне арналған «CPD» гемоконсервант ерітіндісі, ресуспензиялайтын «SAGM» ерітіндісі және жаңа алынған қаннан лейкоциттерді алып тастайтын сүзгісі бар төрт камералы полимерлік контейнер

Бұйымның құрамы мен сипаттамасы: CPD ерітіндісі бар ыдыс; SAGM ерітіндісі бар ыдыс; Қан компоненттеріне арналған ыдыс; Жаңа алынған қанға арналған лейкоциттік сүзгі; Қанның бірінші бөлігіне арналған ыдыс; Вакуумдық пробиркаға арналған адаптер; 16G донорлық ине; Ине протекторы; Полимерлік магистральдар; Магистральдарға арналған қысқыштар.

 

CPD гемоконсервант ерітіндісінің құрамы 100 мл-ге:

Декстроза моногидраты                                                                 2,55 г

Лимон қышқылы моногидраты                                                    0,327 г

Бір  орын басқан 2-сулы натрий фосфор қышқылы                  2,63 г

Натрий цитрат дигидраты                                                             0,251 г

Инъекцияға арналған су                                                                100 мл-ге дейін

 

SAGM ерітіндісінің құрамы 100 мл-ге:

Аденин                                                                                               0,017 г

Декстроза моногидраты                                                                 0,9 г

Маннитол                                                                                           0,525 г

Натрий хлориді                                                                                 0,877 г

Инъекцияға арналған су                                                                 100 мл-ге дейін

 

Контейнер ПВХ үлбірінен жасалған төрт ыдыстан тұратын және ПВХ түтікшелерінен жасалған магистральдармен өзара байланысқан стерильді жабық полимерлік жүйені білдіреді.

Венепункция жүргізу үшін өлшемі 16G ине пайдаланылады, оның беткейі силиконмен өңделген (ауырсындырмайтын венепункция үшін), ал ұшында үшқырлы өткір ұштығы бар. Иненің бастиегінде иненің кесігін анықтау мақсатында таңба (немесе қыры) бар. Қызметкерлерді инеден қорғау үшін (донациядан кейін) контейнер құрылымында протектор қарастырылған.

Талдауға қан алу үшін вакуумдық пробиркалардың барлық түрлеріне сәйкес келетін адаптер қарастырылған.

Медициналық мамандармен донорлық қанды, оның компоненттерін және препараттарын құюды жүзеге асыратын қан қызметі және денсаулық сақтау ұйымдарында қолданылады.

Контейнер донордан 450 мл қан алуға және фракциялау үдерісіне дейін лейкоциттерді жаңа алынған қаннан алып тастауға, «SAGM» қайтадан суспензиялайтын ерітіндісінде эритроциттік масса мен эритроконцентратты фракциялағаннан, консервілегеннен және қайтадан суспензиялағаннан кейін қан компоненттерін алуға, сондай-ақ қан компоненттерін сақтауға, тасымалдауға және құюға арналған.

Сақтау мерзімі өнім шығарылған күннен бастап 3 жыл.

Бұйым стерильді (су буымен стерилизациялау әдісі), апирогенді. Бір рет пайдалануға арналған.

Контейнерлер 5 °С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада, жылыту аспаптарынан кемінде 1 м қашықтықта сөрелерде, жарықтан және агрессивті ортадан қорғалған жерде жылытылатын қоймаларда сақталады.

Жабық көлік құралдарының барлық түрлерімен минус 50 °С-ден  50 °С-ге дейінгі температурада тасымалдау.

Теріс температура жағдайында тасымалданғаннан кейін контейнерлер тасымалдау ыдысында қалыпты климаттық жағдайда кемінде 24 сағат тұруы тиіс.

Тасымалдау кезінде ерітіндіні мұздатып қатыруға рұқсат етіледі.

© 2021. TOO «EIRA MED»