RU

KZ

EN

Жетістіктер

Байланыс

Каталог

+7 (7172)73-47-89

Тромбоциттердің бір емдік дозасын жеке-жеке 4-ке бөлуге арналған полимерлік контейнер

Медициналық бұйымның құрамы мен сипаттамасы: Көлемі 450 мл ыдыс (4 дана); Полимерлік ине; Полимерлік магистраль.

Контейнер ПВХ үлбірінен жасалған төрт ыдыстан тұратын және ПВХ түтікшелерінен жасалған магистральдармен өзара байланысқан стерильді жабық полимерлік жүйені білдіреді.

Медициналық мамандармен донорлық қанды, оның компоненттерін және препараттарын құюды жүзеге асыратын қан қызметі және денсаулық сақтау ұйымдарында қолданылады. Консервіленген қан немесе плазма бар контейнерге жалғауға, қан компонентін алуға және оларды бұдан әрі сақтауға, құюға және тасымалдауға арналған.

Сақтау мерзімі өнім шығарылған күннен бастап 3 жыл.

Бұйым стерильді (бумен стерилизациялау әдісі), апирогенді. Бір рет пайдалануға арналған.

Контейнерлер 5 °С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада, жылыту аспаптарынан кемінде 1 м қашықтықта сөрелерде, жарықтан және агрессивті ортадан қорғалған жерде жылытылатын қоймаларда сақталады.

Жабық көлік құралдарының барлық түрлерімен минус 50 °С-ден  50 °С-ге дейінгі температурада тасымалдау.

Теріс температура жағдайында тасымалданғаннан кейін контейнерлер тасымалдау ыдысында қалыпты климаттық жағдайда кемінде 24 сағат тұруы тиіс.

© 2021. TOO «EIRA MED»